русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 29.11.2021

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ - САЛАНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бөлімшелері мен бөлімдерінің басшылары сумен жабдықтау және су бұру мамандарының біліктілігін арттыру тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Өкінішке орай, сауатсыз жобалаудан Қазақстан қалаларында салынған тазарту ғимараттарының объектілері әрқашан тиісті тәртіпте жұмыс істемейді. Дегенмен, мұндай объектілер мемлекеттік сараптамадан және іске қосу-баптау рәсімінен өтеді. Сондықтан, жобалаушылар мен мемлекеттік сараптама мамандарының, сондай-ақ қатарға енгізілген сумен жабдықтау және су бұру объектілерін пайдаланатын су арналары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажет.
Бұл осындай өзекті мәселеге арналған үшінші бейнеконференция. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР ИИДМ "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы" ЗТБ, "Қазақстан су арнасы" су арналарының қауымдастығы, "ТКШ дамыту және жаңғыртудың Қазақстандық орталығы" АҚ, "Ағарту" ғылыми-білім беру консорциумы.
Шақырылған спикерлер ретінде, Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің "Сумен жабдықтау және су бұру" ғылыми-білім беру орталығының ғылыми жетекшісі Елена Гогина және Шымкент қаласының "Smart Maman" оқу орталығының жетекшісі Нуриддин Джарболов сөз сөйледі. Елена Сергеевна жобалаушылар мен сарапшылар үшін классикалық оқытудың толық циклін ұсынды. Шымкент оқу орталығының басшысы өзге көзқарасты ұстанады, оның пікірінше, Қазақстанның өңірлік оқу орындары базасындағы білімдегі олқылықтарды толтыру қажет.
Бейнеконференция пікірталас сипатында өтті - ұйымдастырушылар үшін қатысушылардың күн тәртібі бойынша не ойлайтынын білу маңызды болды. Айта кетейік, Қазақстан су арналары қауымдастығының президенті Валерий Сюндюков Нұриддин Жарболовтың пікірін қолдады. Ол мамандарды Қостанай мен Шымкентте оқытуды ұсынды. Сумен жабдықтау және су бұру саласының мамандарын оқыту және арттыру мәселесі бойынша жарыссөз жалғасуда.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары