русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 01.12.2021

КӘРІЗГЕ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУҒА БОЛАДЫ?

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не қаланың кәріз желілеріне қосылуға қатысты сұрақтар жиі түседі. Бүгін біз олардың ең маңыздыларына жауап беруге тырысамыз.
Бірақ алдымен, бірден айта кетейік, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қолданыстағы желілерді пайдаланумен және қайта құрумен айналысады. Яғни, кәсіпорын жаңа желілерді салумен айналыспайды.
Қосылуға тиісті өтінім келіп түскен кезде, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері абоненттің тұратын жеріне барып, тексеру жүргізеді. Мамандар өтініш берушіні желіге қосу мүмкіндігін, яғни, жанында тиісті коллектор бар-жоғын және қосымша көлемді қабылдауға қабілеттілігін тексереді. Егер жауап оң болса, онда абонент келесі қадамдарды орындауы қажет.
1. Кәріз желісіне қосылуға өтініш беру. Орманов көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық кеңсесіне жүгіну қажет.
2. Желіні төсеудің жұмыс жобасын әзірлейтін жобалау ұйымына жердің топографиялық түсірілімін ұсыну.
3. Пайдаланушы ұйымнан ("Гранд Строй Групп" ЖШС) кәріз желісіне қосылуға қорытынды алу.
4. Берілген қорытындыға сәйкес жобаны әзірлеу үшін, "Техникалық шарттарды" алу (өндірістік-техникалық бөлім, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС).
5. "Техникалық шарттарға" сәйкес ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) дайындау. ЖСҚ-ға сәйкес құрылыс жүргізу. Айта кететін жайт, бұл жұмыс түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйым ғана орындай алады.
Жұмыс аяқталғаннан соң, сіздің желіңіз сынақтан өткізіліп, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен су бұру бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасалады және содан кейін ғана пайдалануға беріледі.
Назар аударыңыз! Жобалау және құрылыс жұмыстары абонент есебінен орындалады.
Тағы бір маңызды мәселе, жеке сектордың тұтас көшелерін кәріз желілеріне қосуға қатысты. Мысалы, ДСР ауданында көптеген көшелер канализацияланбаған, ал тұрғындар өркениеттің игілігін алғысы келеді. Кәсіпорын жаңа желілерді салумен айналыспайтынын тағы да еске саламыз. Бұл мәселе бойынша, тұрғындар ең алдымен мекен-жайын көрсетіп, Шымкент қала әкімдігінің энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасына, кәріз жүйесіне қосылу туралы, яғни, техникалық шарттарға (№5 тармақты қараңыз) сәйкес, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің балансындағы кәріз коллекторына қосылу үшін, жаңа кәріз желісін салу қажеттілігін қарастыруды сұрайтындығы туралы ұжымдық өтініш-хат жазуы қажет.
"Су құбыры және кәріз басқармасы" МКК қызмет көрсету аймағында тұратын тұтынушылар техникалық шарттар үшін, осы ұйымға жүгінулері қажет.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары