Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 01.12.2021
СҚО АУЫЛЫНДА ЖАБЫҚ ТИПТЕГІ ТАЗАРТУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ САЛЫНУДА
Солтүстік Қазақстан облысының Новоишим ауылында елімізде алғашқы жабық типті тазарту құрылыстары салынуда. Келесі жылы нысанды пайдалануға берілмекші. Жобаның құны үш миллиард теңгеден асады. Мұнда кәріз қалдықтары 4 кезеңде өңделеді. Бірінші кезең, өрескел тазарту, содан кейін биологиялық тазарту, ең соңында ол дезинфекцияланып, таза суға айналады.
Кәріз құрылыстарын салу 2018 жылы басталды, оны 2022 жылы аяқтап, барлық дерлік тұрғын және әкімшілік ғимараттарды қосу жоспарлануда. Ауылдың өзінде 25 шақырым магистральдық желі салынды. Тазарту қондырғылары тәулігіне 3 мың текше метрге дейін ағынды суларды қабылдай алады. Нысан пайдалануға дайын болғанда, ол сенімгерлік басқаруға беріледі.
барлық дауыс: 5168
дауыс мұрағаты