Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 02.12.2021
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ «СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ» ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
«Солтүстік саяжай» елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жүргізілген құрылыс жұмысы 100 % аяқталған. Мердігер мекеме тарапынан 150 шақырымнан астам ауыз су құбыры тартылды.
Қазіргі уақытта, су есептегіш құрылғы орнатылып, абоненттеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
«Солтүстік саяжай» елдімекені тұрғын үйлерді суға қосу жұмыстарын жеделдету мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында абоненттеу жұмыстарының шарттары талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқарма басшысы мердігер мекеме өкілдері мен Су құбыры және канализация басқармасының директорына суға қосу жұмыстарын жеделдету үшін тапсырма берді.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты