Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 06.12.2021
АЛМАТЫНЫҢ НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ 2023 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
Биыл сумен жабдықтауды қайта құруды қажет ететін 24 шағын ауданның тек 14-інде ғана жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар күтпеген жағдайларға байланысты созылып кетті. Тар көшелер, бұрын салынған кәріз желілері мен тастар жұмысты уақытында аяқтауға кедергі келтірді.
Сумен жабдықтау желілерінен басқа, су тарту және сүзгі станцияларын салу қажет. Қарғалы өзеніндегі Гидротехникалық құрылыс 2022 жылдың бірінші тоқсанында салынып, Наурызбай ауданының тұрғындарын тәулігіне 15 мың текше метр сумен қамтамасыз етеді. Ал 2022 жылы Ақсай өзенінде тәулігіне 22 мың текше метр су қабылдайтын қондырғының құрылысын бастау жоспарлануда. Бұл ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін, Наурызбай ауданы толығымен ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты