Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 07.12.2021
ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАТЫН ӘЙЕЛДЕРГЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
1961 жылдың екінші жартысында туған қазақстандықтар зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін, 2021 жылдың соңына дейін өтініш жасауы тиіс. Мұндай асығу 2013 жылы қабылданған "Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға байланысты, 11-бапта әйелдердің зейнеткерлік жасы жыл сайын 6 жылдан қосылып, 2027 жылға дейін созылады. 2021 жылы әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жасты құрады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетке шығу жасы 60 жас және алты ай болады. 2021 жылдың екінші жартысында 60 жасқа толған қазақстандықтар 2021 жылдың соңына дейін өтініш бере алмаса, келесі жылы оларға жарты жыл күтуге тура келеді және олар 2022 жылдың шілдесінен кейін ғана зейнетке шыға алады.
барлық дауыс: 5545
дауыс мұрағаты