Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 20.12.2021
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН
"Ақ жол" демократиялық партиясының төралқасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық индустриялық палатасы басқармасының атынан «Енбегім елім» құрметті төсбелгісі, көп жылғы және қажырлы еңбегі, Қазақстан экономикасының қалыптасуына қосқан жеке үлесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орманға табысталды. Қазіргі уақытта, Анарбек Оңғарұлы "Ақ жол" демократиялық партиясы облыстық мәслихатының депутаты.
""Ақ жол" партиясы өз жұмысын республикалық деңгейде көрсетіп, көптеген қажетті және пайдалы бастамаларға қатысуда. Біз экономикалық және әлеуметтік мәселелерді көтереміз, біздің басты міндеттеріміз - халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту. Бұрын, біздің партияның өтінішімен бизнесті тексеруге мораторий енгізілді. Біздің партия жергілікті деңгейдегі ашық сайлау үшін, биылғы жылы ауыл әкімдерінің сайлауы өтті және бұл өте маңызды қадам", - деді Анарбек Оңғарұлы.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директорының орынбасарлары Ләйла Әлиева мен Абзал Зейнетаев құрмет белгілері және медальдармен марапатталды. Бұл мамандар кәсіпорынның дамуына, демек бүкіл ел экономикасының дамуына баға жетпес үлес қосты.
Кәсіпорынның қарапайым қызметкерлері де шетте қалған жоқ. Талантбек Қарабаев, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басқармасы жанындағы аумақтың тазалығы мен абаттандырылуына жауап береді. Келген адамдарға кәсіпорын бас кеңсесінің жан-жағы жағымды, тартымды, таза болу үшін ол таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. Оның жұмысының арқасында ағаштар мен көгалдар ретке келтіріліп, гүлдер күтіліп, аумақ жарқырайды. Көп жылғы еңбегі үшін Талантбек Қарабаев "Еңбегім елім" құрмет белгісімен марапатталды.
барлық дауыс: 5081
дауыс мұрағаты