Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.12.2021
"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС-НА "ЖАМБЫЛ СУ" МКК ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ
Сапардың басты мақсаты - тәжірибе алмасу және өндірістік циклдар бойынша қажетті ақпарат алу. Делегация құрамына Жамбыл кәсіпорнының басшылығы, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану жөніндегі мамандар, бағдарламашылар мен заңгерлер, өткізу жөніндегі менеджерлер, сондай-ақ мемлекеттік инспектор Нұржан Нұржігітов кірді.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орман қонақтарға Шымкент су арнасының мұражайына экскурсия жүргізді. Жамбылдықтарды шымкенттік кәсіпорынның техникалық жабдықталуы және суды есептеу құралдары, тазарту құрылғылары кешенінің жұмысы қызықтырды.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің жұмысымен және жетістіктерімен Жамбыл делегациясы арнайы кеңес барысында танысты. Анарбек Орман кәсіпорынның сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі апаттылықты, ауыз су өндіруге жұмсалатын энергия шығынын қалай төмендеткендігі, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметінің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізу және виртуалды ассистент (чат-бот) туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қонақтарды Шымкент кәсіпорны жұмысының көптеген аспектілері қызықтырды және Анарбек Оңғарұлы келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауап берді.
Жиналыстан кейін, Жамбыл делегациясының өкілдері "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің орталық диспетчерлік қызметінде болып, онда оларды Шымкент қаласының сумен жабдықтау жүйесіндегі су қысымының мониторингімен, авариялық қызметтердің жұмысымен және оларды бақылаумен, сондай-ақ таратушы құрылғылар туралы таныстырды. Әрі қарай, қонақтар Профильді бөлімшелер мен бөлімдердегі әріптестерімен тығыз байланыс орнатуға, әріптестерінен барлық қажетті және пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, Жамбыл делегациясының өкілдері Шымкенттің тазарту кешенінің жұмысымен танысты.
Үкімет басшысы Асқар Маминнің, бірқатар министрлер мен салалық мемлекеттік ведомстволардың өкілдерінің "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не сапарынан кейін кәсіпорын қызметіне өте жоғары баға берілді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жұмыс моделі Қазақстанның басқа су арналары үшін мысал ретінде ұсынылды. Нәтижесінде, Шымкентте Алматы мен Қызылорда өкілдері оқуда болды. Қазір Түркістан және Кентау су арналарымен тығыз тәжірибе алмасу жүргізілуде.
барлық дауыс: 5081
дауыс мұрағаты