Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.12.2021
КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ
Сорғы қондырғыларының машинисі Құрбан Шәріпов Тассай-1 су қабылдағышында жұмыс істейді. Жыл сайын ол және оның әріптестері медициналық тексеруден өтуге міндетті. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі орталық басқармада медициналық тексеруден өтуді қамтамасыз етті және бір сағат ішінде Құрбан барлық дәрігерлердің тексеруінен өтті.
"Менің денсаулығым жақсы, ешқандай аурулар анықталған жоқ. Кәсіпорын басшылығына медициналық тексеруді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді", - деді сорғы қондырғыларының машинисі.
Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, міндетті медициналық тексеруден бірнеше мамандық өкілдері өтуі керек. Олардың ішінде: машинистер, слесарлар, газ-электрмен дәнекерлеушілер, бағдарламашылар, зертхана қызметкерлері және басқа да мамандықтардың бірқатар өкілдері бар. Жалпы алғанда, медициналық тексеруден ондаған адам өтті.
"Медициналық тексеруге жалпы талдаулар, флюорография және ЭКГ тапсыру кіреді. Тексеруді терапевт, кардиолог, хирург, окулист, отоларинготолог, невропотолог, дерматолог, аллерголог және онколог жүзеге асырады. Сыртқы тыныс алу жолдарын тексеру жүргізіледі. Соңғы нәтижелер арнайы қорытындыда беріледі", - деді "Аружан" отбасылық денсаулық клиникасының өкілі Эльмира Есембаева.
Денсаулығына байланысты проблемалар анықталған жағдайда, қызметкерлер қосымша, неғұрлым егжей-тегжейлі тексеруге және одан әрі емделуге жіберіледі.
барлық дауыс: 5547
дауыс мұрағаты