русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 24.12.2021

"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС СПОРТҚА КӨП КӨҢІЛ БӨЛЕДІ

        "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды спорттық іс-шаралар Тәуелсіздік күні және жаңа жыл қарсаңында өтті. Кәсіпорын ардагерлер арасында волейбол турнирінің бастамашысы болды, ойындарға "Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС бас директоры Анаребк Орман қатысты. Ол басқарған команда әділ күресте жарыстың жеңімпазы болды.
        Спартакиада бағдарламасында футбол турнирі де болды, айта кетерлігі, кәсіпорында дәстүрлі түрде осындай жарыстар өткізіледі. Командадағылар өте тәжірибелі, көпшілігі демалыс күндері минифутбол ойнайды.
        "Атамекен" спорт кешенінде біздің ұйым бөлімшелерінің командалары арасында минифутбол бойынша жарыстар өткізілуде. Екі күн ішінде ең мықты команда анықталады", - деді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС аппарат басшысы Асқар Ақшаев.
        Дөңгелек доп – алаң болса төртбұрышты, күткендей футбол ойынын болжау мүмкін емес, басты жүлделер үшін күрес өте шиеленісті және қызықты болды. Командалар соңына дейін шайқасты, нәтижесінде бірінші орынға экономика және кәсіпорынды жоспарлау командасы ие болды. Жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтарды "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орман тапсырды.
        Ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар да өткізілді. Кәсіпорында жұмыс істейтін әрбір ер адам өзінің күш-қуатын көрсете алды. Жеңімпаздар екі жолмен анықталды – ауыр салмақты көтеру және қошқарды көтеріп, отырып-тұру – айта кетейік, жүлделі сыйлық қошқар болды. Бұл сайыстарда қатысушылар да, көрермендер де қызықты эмоциялар алды. Екі жарыста да КиПиА инженері Мұхтар Хажим жеңімпаз атанып, қошқарды үйіне алып кетті.
        Барлық өткен жарыстарда екінші және үшінші орын иегерлері марапаттар мен бағалы сыйлықтарсыз қалмады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары