русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 26.12.2021

«СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ» ЖШС-НЕН СЫЙЛЫҚТАР

        Жаңа жыл қарсаңында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі мен "Оңтүстік су" кәсіпорнының кәсіподақ ұйымы бірнеше қайырымдылық акцияларын өткізді. Забадам кенті мен Сәуле шағын ауданының көпбалалы отбасыларының балаларына сыйлықтар берілді, оларды "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәсіподақ комитеті Гүлнұр Сүйіндікова табыс етті.
        "Құрметті Забадам кенті және Сәуле шағын ауданының тұрғындары, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және келе жатқан Жаңа жылға орай, біздің кәсіпорынның әкімшілігі, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орман көпбалалы отбасыларға сыйлықтар жасауға шешім қабылдады. Сіздерді келе жатқан Жаңа Жылдарыңызбен құттықтаймыз, денсаулық пен амандық тілейміз!, - деді, кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлнұр Сүйіндікова.
        Кәсіпорын бұл аудандарды ұзақ уақыт және тығыз қамқорлықпен қамтамасыз етіп келеді, осы тұрғын үй алаптарының көше комитеттерінің төрағаларымен ынтымақтасады. Кездесулер өткізу үшін және қоғамшылдарға Халықпен жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін арнайы үй-жай бөлінді. Көп балалы аналар алған сыйлықтарына өте риза болды.
        "Сіздің кәсіпорныңыздың басшылығына және жеке Анарбек Оңғарұлына шын жүректен алғыс айтамыз! Сыйлықтар үшін рахмет! Зор денсаулық, амандық және жұмыста табыс тілейміз!»
        Сыйлықтар №35 жалпы білім беретін орта мектепке де жеткізілді. Осы оқу орнымен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і көптен бері ынтымақтасып, қамқорлық көмек көрсетуде.
        "Осы сыйлықтар үшін үлкен рахмет, олар үйде оқитын ерекше балаларға таратылады. Мұндай балалар бізде 18 адам. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығына ұзақ және жемісті ынтымақтастығы үшін, Сіздің кәсіпорныңыз бізге көрсетіп отырған тұрақты көмегі үшін тағы да алғысымды білдіргім келеді!"- деді мектеп директоры Жайна Қарабаева.
        Қайырымдылық акциясы барысында 58 сыйлық таратылды. Кәсіпорын қызметкерлерінің балалары да 1460 дана жаңа жылдық тәттілерді алды. 2021 жылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі және "Оңтүстік су" кәсіподақ ұйымы әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, зейнеткерлерге, еңбек ардагерлері мен көп балалы отбасыларға көмек көрсету бойынша үлкен жұмыс атқарды.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары