Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.12.2021
ПАРТИЯНЫҢ ЖАҢА МҮШЕЛЕРІ
"Nur Otan" партиясы Шымкент филиалының "Оңтүстік су "филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған арнайы қабылдау өтті. "Nur Otan"партиясының жаңа мүшелері партиялық билеттерін алды. Салтанатты түрде билеттер: Асылбек Мәліковке, Құрманғазы Мақұлбекке, Гүлзат Артықбаеваға, Асхат Ділдәбековке, Ақанқожаға Мұсаевқа, Жарылқасын Сейітханға және Диас Сәрсенбековке табыс етілді. "Nur Otan" партиясы "Оңтүстік су" филиалының төрағасы Абзал Зейнетаев қатысушыларды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, филиалдың атқарып жатқан жұмыстарына қысқаша шолу жасады. Айта кетейік, партия мүшелері барлық қоғамдық және қайырымдылық шараларға белсенді қатысады.
барлық дауыс: 5547
дауыс мұрағаты