русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 28.12.2021

"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС-НІҢ ТӘЖІРИБЕСІН БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ

        "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-на Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ербол Есбергенов барды. Келу мақсаты - Шымкент кәсіпорнының қызметін зерттеу және тәжірибе алмасу. Сапар барысында, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орман, Есбергенов мырзамен кездесіп, Орталық диспетчерлік қызметтегі сумен жабдықтау жүйесі, қолданылатын технологиялар мен инновациялар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
       "Сізде барлық процестер толық диспетчерленген және автоматтандырылған. Біз сіздің кәсіпорныңыз жинақтаған тәжірибені ескере отырып, оны өз қаламызда қолданғымыз келеді. Әріптестер технологиялар мен әдістемелерді енгізу кезінде байқалған қиындықтар туралы айтты, сондықтан бізде қиындықтардан аулақ болудың тамаша мүмкіндігі бар. Сізге өз мамандарыңызды оқытуға жіберетін боламыз. Сіздің тәжірибеңізді бүкіл ел бойынша қабылдап, енгізу керек деп ойлаймын", - деп өз әсерімен бөлісті Ербол Есбергенов.
Ербол Есбергеновтің ерекше назары тазарту құрылысы кешенінің жұмысына бағытталды. Ақтауда ағынды суларды тазарту кешенін жеке қолға беруді жоспарлап отыр, бұл тиімді шешім болуы керек. Сондықтан, Ақтау әкімінің орынбасары Шымкентке әлеуетті инвесторды алып келді. Қонақтарға КТҚ жұмысы және биогаз орнату, қалдықтарды қайта өңдеу, техникалық дақылдарды суару үшін тазартылған суды пайдалану туралы егжей-тегжейлі айтылды.
        "Біздің қаламызда ауыз су тапшылығы бар. Оны өндіру процесі - теңіз суын тұщыландыру болып табылады, ол өте қымбат. Сондықтан, бізді тазартылған ағынды суларды қалалық егінділерді суару үшін пайдалану қызықтырады. Қазақстанда тазарту құрылыстарының жалғыз дұрыс жұмыс істейтін кешені Шымкентте орналасқан. Сондықтан, біз сіздерге келдік, сіздердің әдістеріңіз бен технологияларыңызды пайдаланғымыз келеді", - деп атап өтті Ақтау әкімінің орынбасары.
        Осы жылы кәсіпорын нысандарына министрліктер өкілдері мен қала басшылары келді. Жалпы алғанда, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тәжірибесін қабылдауға 2021 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Кентау қалаларынан мамандар келді.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары