русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 29.12.2021

ҮЙ ЖӘНЕ КӨШЕ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ

        Үй және көше комитеттерінің төрағаларын Шымкенттегі ауыз су сапасын бақылаумен таныстырды. Ол үшін қоғам белсенділерін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС зертханасына шақырып, судың сапасы мен қауіпсіздігінің қалай тексерілетінін айтып, көрсетті.
        Шымкент суы Қазақстандағы ең дәмді болып саналады. Ол шамамен 70 метр тереңдіктегі жерден алынады. Негізгі жеткізуші - Ақсукентке жақын орналасқан Ақбай-Қарасу су қабылдағышы. Сарапшылардың пікірінше, алынған суды еш қорқынышсыз тұтынуға болады, алайда оны өндіргеннен кейін, ол арнайы станцияда зарарсыздандырылады. Сұйық хлор суға қосылмайды, оның орнына натрий гипохлориті қолданылады. Бұл туралы қонақтарға "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС аккредиттелген зертханасының жетекшісі Гүлжан Жауылбаева айтып берді.
        Кіріспе дәрістен кейін, үй мен көше комитеттері төрағалары зертханаға экскурсия ұйымдастырды. Мұнда бәрі стерильді, сондықтан қонақтар халат пен аяқ киім киюге мәжбүр болды. Зертхана инженерлері күн сайын зерттеу жүргізу үшін, бақылау нүктелерінен су сынамаларын алады. Шымкенттегі осындай бақылау нүктелерінің саны жүзден асады, бұл мектептер, ауруханалар, базарлар, жалпы - қоғамдық маңызы бар орындар. Сынамалар зертханаға әкелінеді, онда бірқатар талдаулар жүргізіледі. Айта кетейік, ауыз судың сапасын, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бақылап отырады.
        Зертханада кәріз ағындары да тексеріледі, бұл улы химикаттардың желіге енуіне жол бермеу үшін жасалады. Олар аэробты және анаэробты бактериялар қолданылатын тазарту қондырғыларының кешеніне үлкен зиян келтіруі мүмкін.
        "Қызықты және танымдық экскурсия үшін рахмет. Біз су туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білдік, оның сапасын тексеру бойынша барлық процестерді өз көзімізбен көрдік. Осыдан кейін мен ауыз суымыздың қауіпсіз әрі сапалы екеніне тағы да көз жеткіздім", - деп өз әсерімен бөлісті Әтіркүл Қалақова.
Егер, сізде ауыз судың сапасына қатысты шағым пайда болса, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8(7252) 32-12-74;+77081102121.
        Зертхана мамандары қажетті іс-шараларды, ал пайдалану қызметтері проблеманы жою бойынша жұмыстар жүргізеді.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары