Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 11.01.2022
ЖАҢА ҚАУЛЫҒА ШЫМКЕНТТІҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ҚОЛ ҚОЙДЫ
Өңірде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты бірқатар шектеу шаралары енгізілді.
«Шымкент "қызыл аймаққа" енді. Covid-19 тез таралуына байланысты жаңа қаулыға сәйкес 80 пайыз, яғни иммундау курсынан өтпеген ұйымдар мен кеңселердің қызметкерлері қашықтан жұмыс режиміне көшуі тиіс», — деп түсіндірді Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.
Сондай-ақ, Департаментте сауда үйлері мен сауда желілері шектеусіз, бірақ барлық қызметкерлер мен келушілердің "жасыл" мәртебесі болған жағдайда жұмыс істейтіндігі туралы хабарлады. Бұл дегеніміз, көк стутасы бар қала тұрғындары бұл жерлерге бара алмайды.
Сонымен қатар, жаңа қаулыға сәйкес, ашық жүйесіне қатыспайтын мейрамханалар, дәмханалар мен қоғамдық тамақтану орындары таңғы 9-дан 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бұл ретте мекемелердің толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс .
Балабақшалар мен мектептер Маска режимі мен санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда шектеусіз жұмыс істейтін болады.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты