Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 20.01.2022
ТҮРКІСТАНДЫ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен білікті ғалымдар мен мамандар арқылы зерттеу жүргізіліп, Түркістан қаласы маңында бірнеше су жобалары іске асырылуда. Маңызды су нысандарының құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталған соң, Түркістан қаласына 250 млн. текше метр ағын су келіп, мәселе толық шешіледі.
Оның біріншісі – «Түркістан» магистралды каналын жөндеу жұмыстары: 145 шақырымдық каналдың фильтрациялық шығыны көп 60 шақырымын бетондау жұмысы жоспарланып, 50 шақырымы бетондалып үлгерді. Қалған 10 шақырымы наурыз айында аяқталады. Осы арқылы 60 млн. текше метр су жиналып, аймақты көгалдандыруға қолданылмақ. Сонымен бірге ағын суды пайдалану автоматтандырылып, суды үнемдеуге мән беріледі.
Екінші жоба – «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасы. Оның сыйымдылығы 18 млн. текше метрден асады. Су көзі жиналып, Түркістан қаласы маңындағы азық-түлік белдеуі мен жасыл алқапқа жіберілмек. Саябақтар да сумен қамтылады.
Облыста «Жетікөл» көлдер жүйесі жаңғыртылып жатыр. Жұмыстар нәтижесінде көлдің суы қоры ұлғайып, экологиясы жақсарды. Былтыр 34 шақырым ұзындыққа бөгет жасалынып, 261 млн. текше метр су көлге тасталынған.
Түркістанда «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығы жасанды көлінің құрылысы жүріп жатыр. Мұнда жер жұмыстары 100% аяқталған. Су келетін, су жіберетін каналдары дайын. №1, №2, №3 дамбалары тұрғызылған. Бүгінгі таңда №1-3 су келетін каналдардың бетон құю жұмыстары жүргізілуде.
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты