русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 26.01.2022

КАРЬЕРЛЕР САПАЛЫ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ҚАУІПТІ

        Біз барлығымыз таза және сапалы ауыз суды тұтынғымыз келеді. Бақытымызға орай, табиғат бізге су көздерін беріп, олардан қалалық желілерге су беру жүзеге асырылуда. Ауыз суды өндірумен және тасымалдаумен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС айналысады, кәсіпорын қала тұрғындарыда ауыз сумен байланысты қиыншылықтар тудындамауы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда.
        Алайда, бәрі де осы маңызды қызметті жеткізушіге байланысты емес. Ауыз судың сапасына және оның қорына экология, дәлірек айтқанда, адамның экологиялық жағдайға әсері үлкен әсер етеді.
        "Бізде су қорларын толтырудың негізгі көздері - Ақсу, Бадам, Сайрамсу өзендері және олардың салалары. Егер халық немесе қандай да бір шаруашылық жүргізуші субъектілер өзендерге зиянды қалдықтарды тастаса, онда ерте ме, кеш пе олар ауыз суға түсуі мүмкін. Сонымен қатар, бізде каналдар мен өзен аңғарларының аумақтарында құрылыс материалдарын өндіру бойынша бақылаусыз шаруашылық қызмет жүргізілуде. Осының нәтижесінде өзендердегі су деңгейінің апатты төмендеуі байқалады! Егер бұрын олардың бойында құдықтар, ұсақ ұңғымалар болса, бүгінде мүлдем су жоқ!", - деді "Водоканал-консалтинг, инжиниринг " ЖШС бас гидробиологы Асхат Сермағұлов.
        Ақсу өзенінде жағдай шынымен апатты. Арна бойы жосықсыз қазылған, маусым қызған шақта қиыршық тас ұнтақтау зауыттарына барады, содан кейін халыққа сатылады. Қазір жер асты су қоры тек Өгем жотасының есебінен ғана қоректенеді. Сарапшылардың пікірінше, жағдай қауіпті, атқарушы және бақылаушы мемлекеттік органдардың дереу араласуын талап етеді.
        "Оқиғаларды дамытудың ең нашар нұсқасы - біз жер асты суларының кен орындарынсыз қаламыз. Бізде таза ауыз су көзі болмауы мүмкін. Мұндайда кері осмос технологиясын қолдану керек болады, ал бұл өте қымбат. Сонымен қатар, өзендердің сарқылуынан басқа, олардың нитраттармен ластану проблемасы тағы бар", - деп болжады гидрогеолог.
        Осыған байланысты, өзен аңғарларына және құрылыс материалдарын рұқсатсыз өндіруге бақылауды күшейту қажет. Су заңнамасына сәйкес, Асхат Сермағұлов қиыршық тасты тау жыныстарын игеруге тыйым салынғанын айтты! Әр өзеннің су қорғау аймағы бар, оны атқарушы орган бекітеді. Карьерлерді игеруде өзендердегі болып жатқан жағдайларды заңсыздық деп атауға болады!


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары