Жаңалық - Микс
новость от 27.01.2022
ЭКОЛОГИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МЕН "ОПЕРАТОР РОП" БАСШЫСЫ ҰСТАЛДЫ
Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі, сондай-ақ "Оператор РОП" ЖШС Басқарма Төрағасы сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша ұсталды. Қазір Ахметжан Пірімқұлов пен Медет Құмарғалиев елордалық уақытша ұстау изоляторында. Айта кетейік, Ахметжан Пірімқұлов 2019 жылдың шілде айынан бастап вице-министр қызметін атқарды. Медет Құмарғалиев те осы ведомствода қалдықтарды басқарудың мемлекеттік саясаты департаментін басқарды. Ал 2019 жылдың қараша айында ол "Оператор РОП" бас директоры болып тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда Мәжілістің жалпы отырысында Президент компанияның қызметін қатаң сынға алып, көптеген қазақстандықтар оның жұмысына қарсы екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "Оператор РОП" кәдеге жарату алымын жинау және осы төлемдерге билік ету өкілеттігінен айыруды тапсырды. 19 қаңтарда оператордың функцияларын "Жасыл Даму" мемлекеттік компаниясына бергені белгілі болды. Қазір жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын жаңарту мәселесі қарастырылуда. Жобаны іске асыруға РОП шоттарынан ақша жіберілуі мүмкін. Сонымен қатар, "Оператор РОП" компаниясының топ-менеджерлерінің бірі Руслан Шәмшиев өлі күйінде табылды. Полицейлер "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты