Жаңалық - Микс
новость от 31.01.2022
ҚАЗАҚСТАНДА ҰБТ-НЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
25 қаңтарда Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңі басталды, ол бір айдан аз уақытқа - 22 ақпанға дейін жалғасады.
Тестілеуге қатысуға барлығы 103 886 өтініш түсті. Сондай-ақ, орталықта ҰБТ өткізу ережелері туралы еске салды:
- ақпараттық қауіпсіздік мақсатында тестілеу "1 компьютер - 2 камера - 1 тестіленуші" қағидаты бойынша жүргізіледі;
- мүгедек балалар мен көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер үшін тестілеу уақытына қосымша - 40 минут беріледі;
- тестілеуге кіргізу кезінде, талапкерлерде тыйым салынған заттар (телефондар, шпаргалкалар және т. б.) анықталған жағдайда оларды ҰБТ тапсыруға жібермейді;
- қатысушылардан тыйым салынған заттар табылған жағдайда, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады.
Тестілеу залдарында бейнебақылау жүргізіледі, сондықтан көшіру, қарау, суретке түсіруге тиым салынады. Мұндай жағдайларда барлық бейнежазбалар қайта қаралады және анықталған бұзушылықтар негізінде жосықсыз тестіленушілердің нәтижелері жойылады. Айта кетейік, қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесі бойынша ЖОО-ға тек ақылы негізде түсуге болады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты