Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 31.01.2022
ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ АУДАНЫН СУМЕН ЖӘНЕ КӘРІЗБЕН КІМ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ?
Бізге Теміржол вокзалы ауданында тұратын тұтынушылардан сұрақтар келіп түсуде. Абоненттерді неге оларға екі түбіртек келеді – "Арыс су" ЖШС-нен сумен жабдықтау үшін, ал "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нен су бұру (кәріз) үшін?
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Халықпен жұмыс жүргізу қызметінің деректері бойынша, теміржол вокзалы ауданындағы тұрғын үй алаптарын сумен "Арыс-су" ЖШС қамтамасыз етеді. Бұл кәсіпорынның өз ұңғымасы және осы қызметті ұсыну үшін тиісті желілері бар. "Арыс су" ЖШС қызмет көрсету аймағына Көксай-3 тұрғын алабы кіреді. Бұл кәсіпорын сонымен қатар Анаров, Қабанбай батыр, Курнаков, Юность, Светофорная, Спортивная және Володарский және басқа да көшелерге қызмет көрсетеді.
Айта кету керек, осы аудандардағы су құбырларында апаттар мен судың ағып кетулері болған жағдайда, оларды қалпына келтіру үшін сумен жабдықтау ұйымы – "Арсы су" ЖШС жауапты болады.
Ал, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС осы аудандағы ағынды суларды кәріздендіруді қамтамасыз етеді (кәріз желілері болған жағдайда) және тұрғындар кәріз қызметі үшін барлық қажетті инфрақұрылымы бар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не төлейді. Сол себебті, тұтынушылар көрсетілген қызметтер үшін екі төлем құжатын алуда.
Осы мәселе бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз +77077581111 «whatsap» телефон нөміріне хабарласа аласыз.
барлық дауыс: 5557
дауыс мұрағаты