русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Әлем жаңалықтары

новость от 02.02.2022

ҚЫРҒЫЗСТАН ТОҚТОҒҰЛ СУ ҚОЙМАСЫНА СУ ЖИНАП ҮЛГЕРМЕУДЕ

        Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов қазақстандық электр энергиясын Қырғызстанға жеткізу мен Сырдария өзенінің толымдылығы тікелей байланысты екенін атап өтті.. Бұл ретте өзеннің сулылығы Тоқтоғұл су қоймасының толуымен анықталады. Оның сыйымдылығы 19,5 млрд текше метрді құрайды. Жазда қалыпты вегетация үшін 1 сәуірге шамамен 15 миллиард текше метр су қажет. Қазір көлемі шамамен 9,2 млрд текше метрді құрайды. Өткен жылы Тоқтоғұл су қоймасын сыни нүктеге дейін жеткізбеу үшін, Қазақстан мен Өзбекстан Қырғыз тарапына үш жылға алдын электр энергиясын береді деген шешім қабылданды. Жазда бізге су қажет болған кезде, олар бізге қосымша жеткізетін болған. Өткен жылы Қазақстан келісімшарт аясында сағатына 900 млн киловат жеткізуге тиіс еді, бірақ бұл талапты орындамады. Төтенше жағдайлар бойынша проблемалар болды, тұтыну артты. Олар тек сағатына 680 миллион киловатт жеткізді. Соның салдарынан Қырғыз тарапы суды жинауға үлгермей жатыр. Вегетациялық кезеңнің басында судың тиісті мөлшері жиналмау қаупі бар. Энергетиктер электр энергиясын толтыру мүмкіндігін іздейді. Қазақстан электр энергиясының қалдығын Қырғызстанға 2022 жылдың 1 тоқсанына дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары