Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.02.2022
ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТУДЕНТТЕРІ "СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Жас шәкірттер Шымкент кәсіпорнында өндірістік практикадан өтуде. Оқыту аясында шәкірттерге сумен жабдықтау және су бұрудың өндірістік циклдері туралы айтылады. Кәсіпорынның басты стратегиялық міндеттерінің бірі – Шымкентке жеткізілетін ауыз судың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету.
Шәкірттерге Шымкент суының қауіпсіздігі қалай тексерілетіні туралы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС зертханасының жетекшісі Гүлжан Жауылбаева айтып берді. Күн сайын зертханашы-инженерлер талдау жүргізу үшін су сынамаларын алады. Сынамалар бақылау нүктелерінен алынады, олардың жүзден астамы - қоғамдық маңызы бар орындар: базарлар, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, моншалар және басқа да объектілер.
Судың сапасы мен қауіпсіздігін тексеру бойынша талдаулар барлық қажетті санитарлық талаптарды сақтай отырып, бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Тыңдаушыларға мұның қалай жасалатынын нақты көрсетілді. Гүлжан Жауылбаева кәріздік сарқынды суларды тексеру туралы да айтып берді - зертхана қалалық кәріз желісіне тазарту құрылыстарының кешеніне үлкен залал келтіруі мүмкін улы заттардың түспеуін қадағалайды.
Ұлттық Аграрлық университеттің шәкірттері "Су ресурстары және мелиорация" факультетінің төртінші курсында оқиды. Жастар практиканы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінде өтеді.
барлық дауыс: 5535
дауыс мұрағаты