Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.02.2022
"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС МЕН "СУ ҚҰБЫРЫ ЖӘНЕ КӘРІЗ БАСҚАРМАСЫ" МКК АРАСЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙМАҒЫ
2022 жылғы 9 ақпанда "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне, Халықпен жұмыс жөніндегі қызметтің "жедел желісіне" және кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарына Нұрсат шағын ауданының тұрғындарынан ондаған өтініштер келіп түсті. Олар ұзақ уақытқа суды өшірген және бұл факт адамдарды ашуландырған. Өшірудің себебі - апат болған еді.
"Қала тұрғындарының назарына! Нұрсат шағын ауданындағы Н.Назарбаев даңғылы бойынша көп қабатты үйдің жанында орналасқан құбырдан жер асты суларының ағып кетуіне байланысты, көп пәтерлі үйлерге су беру кешегі күні 5 сағатқа уақытша тоқтатылды. Жұмыстың күрделілігіне байланысты, 10 жұмысшы, 1 экскаватор, 1 КамАЗ, 1 Газель тартылды және жұмыстар осы күнге дейін жүргізілуде. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деп хабарлады "Су құбыры және кәріз басқармасы" МКК-ы.
"УВиК" МКК қаланың жаңа шағын аудандарында және Шымкент қаласына қосылған елді мекендерде ауыз суды тасымалдауға және сарқынды суларды бұруға жауап береді. Бұл кәсіпорынның балансында құбырлар бар және сәйкесінше ұйым оларды пайдалануы мен дұрыс жұмыс жасауына жауап береді. 2020 жылға дейін "УВиК" МКК "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында болды және апаттық жағдайларға ден қою бірыңғай болды. Қала билігінің шешімімен 2020 жылдың көктемінде "УВиК" МКК сенімді басқарудан шығарылып, дербес шаруашылық қызметті жүзеге асыра бастады. Сондықтан, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тек ауыз суды жеткізуші болып табылады.
Тараптар арасында, оның ішінде авариялық жағдайларды жою бойынша нақты жазылған тиісті шарттар жасалған. Сондықтан, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і "Су құбыры және кәріз басқармасы" МКК-ға тиесілі желілерде болып жатқан жарылыстар мен ағып кетулерге жауап бере алмайды.
Суретте, көк түспен - "ВРМ" ЖШС жауапкершілік аймағы, ал сары түспен - "УВиК" МКК белгіленген.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты