Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 13.02.2022
ЖАҢА ҚОНЫСТАНУШЫЛАРҒА ДЕРБЕС ШОТТЫ ҚАЛАЙ АШУҒА БОЛАДЫ?
Сіз жақында пайдалануға берілген жаңа үйден тұрғын үй сатып алдыңыз. Әдетте, жаңа ғимараттар коммуналдық жүйеге қосылған, бірақ жаңа қоныстанушылар маңызды қадам жасауы қажет – қызмет жеткізушілерімен келісім-шарт жасасу.
Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне келісім-шарт жасау, содан кейін жеке шот ашу үшін, жаңа қоныстанушылар қоныс аударған сәттен бастап 10 күн ішінде сіздің ауданыңызға қызмет көрсететін дилерлік учаскеге жүгінуі керек. Рәсімді өткізу үшін, тұрғын үй иесі өзімен бірге: жеке куәлігін, egov.kz порталынан жылжымайтын мүлікке меншік құқығы туралы үзіндіні ала келуі қажет.
Дилерлік учаскенің мекен-жайы: Әлімбетов көшесі № 191 үй.
Кеңес беру сымтетіктері: +77017837006 және 57-66-67.
Сонымен бірге, жаңа қоныстанушылар барлық қажетті құжаттарды жинағаннан соң, инспектор-бақылаушыны шақырып, тұрғылықты жерінде келісім-шартты жасаса алады.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты