Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 14.02.2022
ЖАҢА СУ ҚҰБЫРЫ
Түркістан облысының Сауран ауданында халықтың 90 пайыздан астамы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Аудан облыстың ең жас әкімшілік бірлігі. Оның құрамына 35 ауылы бар 12 ауылдық округ кіреді.
10 жыл ішінде 31 ауылға су құбыры жүргізілді. Биыл Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 8 елді мекенде: Қосмезгіл, Құмтыйын, Қаратөбе, Жүйнек, Қызылжол, Құмайлықас, Ибата және 32 разъезде жерасты суларына геологиялық барлау жұмыстарын бастады.
Бұл қажеттілік ауыл тұрғындарының көбеюіне және аудан инфрақұрылымының дамуына байланысты туындады. Сумен жабдықтаудың жергілікті желілерін ағымдағы жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде.
барлық дауыс: 5221
дауыс мұрағаты