русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 15.02.2022

ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ СУ АРНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

         Еңбекші аудандық су арнасы Шымкенттің ірі аудандарының біріне қызмет көрсетеді, онда тек көп қабатты массивтер ғана емес, өнеркәсіптік кәсіпорындар да орналасқан. Бұл бөлімшені сумен жабдықтау саласында 30 жыл тәжірибесі бар маман Мұрат Оспанов басқарады. Аудандық су арнасының басты міндеті - ауданды үздіксіз, тәулік бойы сумен қамтамасыз ету. Аудандық су арнасының теңгерімінде 350 километрден астам су құбыры желілері бар, ал олар сағат сияқты жұмыс істейтеуі қажет және қиындықтар туындаған жағдайда - жедел әрекет ету керек.
         "Апат болған жерде біз судың төгілу қаупін анықтаймыз - ғимараттарды су басу қаупі бар ма, жол төсемін жуу қаупі бар ма. Төтенше жағдайлар әртүрлі. Сондықтан, ең алдымен, тәуекелдерді бағалау қажет. Содан кейін шешім қабылданады - абоненттерді желіден ажырату керек пе, жоқ па, басқа желілер арқылы су беруді қосу мүмкіндігі бар ма? Ең бастысы, абоненттер қолайсыздық сезінбеуі керек", - деді Мұрат Оспанов апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы.
         Аудандық су арнасын жүргізу өте мұқият қарауды, басқа коммуналдық қызметтердегі әріптестермен және атқарушы органдармен келісуді талап етеді. Сумен жабдықтаудан ұзақ уақыт ажыратылған жағдайда, апат ауданында тұратын халықты хабардар ету міндетті. Ал апатты жағдайлардың барынша аз болуы үшін, тағы бір стратегиялық жұмыс – алдын алу жұмыстары жүзеге асырылады. Ол арнайы әзірленген жоспарлар мен кестелер бойынша күнделікті жоспарлы-алдын ала тексерулер мен жұмыстарды қамтиды.
         "Бізде бір бригада БПҰ және ЖПҚ бойынша ағымдағы жұмыстарды орындайды, ал екіншісі тек авариялық шақыруларға шығады. Күніне шмамен 10-15 қоңырау түседі. Жігіттер жұмысты таңертең бастайды, олар мұнда тек түскі асқа келіп, содан кейін қайтадан желіге келеді", - деді Еңбекші аудандық су арнасының бастығы.
         Апаттың себептерінің бірі - тозған су құбырлары. Алдағы 4 жылда 38 шақырым желіні жаңарту жоспарлануда.
         Еңбекші аудандық су арнасының жұмысы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, мына сымтетік арқылы хабарласа аласыздар: 8 (7252) 57-66-65.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары