Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.02.2022
"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ " ЖШС-НА "ҚАЗАҚСТАН СУ АРНАСЫ" СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВАЛЕРИЙ СЮНДЮКОВ КЕЛДІ
Қауымдастық президенті, сондай-ақ, "Smart-Maman" оқу орталығында болып, жаңа оқу-ғылыми сынақ зертханасымен танысты.
Сапар барысында Валерий Владимирович пен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орманның кездесуі өтті. Тараптар сала үшін бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Қазақстандық су арналары үшін гидравликалық модельдерді (ілеспе бағдарламалық жасақтамамен) әзірлеу туралы сөз болды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де нақты уақыт режимінде қалалық желілердің жағдайын көрсететін гидравликалық модель сәтті сынақтан өткізіліп, іске қосылды, ГАЖ базасы да сәтті жұмыс істеуде. Анарбек Орман қауымдастық президентіне Қазақстанда Шымкент тәжірибесін пайдалану мәселесін қарастыруды ұсынды. Бұл шетелдік әзірлеушілерді тартуға қарағанда әлдеқайда оңай және арзан болады. Валерий Владимировичке бұл идея ұнады.
Бірақ, "Қазақстан су арнасы" қауымдастығының президенті сапарының басты мақсаты "Smart-Maman" оқу орталығымен танысу болды. Таяудағы уақытта, Еуропалық Одақпен бірлесіп әзірленген оқытудың үш жылдық процесі іске қосылады. Бұл ұйым Орталық Азияда оқу және жаңа оқу бағдарламаларын енгізуге гранттар бөлді.
"Қазақстан Су арнасы" қауымдастығы Еуропалық Одақтың гранттық келісім-шарт жобасындағы үш серіктестің бірі болып табылады. Біз Су шаруашылығы секторындағы мамандардың біліктілігін арттыру жүйесін құруды өзімізге алдық. Бұл жобалаушылар, пайдалану қызметтерінің жұмыскерлері, технологиялық жабдықтарды құрылысшылар мен өндірушілер. Жасыратыны жоқ, бүгінде су арнасы үшін қандай да бір нысанды салу кезінде су арнасының пайдаланушы персоналы, инженер-техникалық қызметкерлері, ал екінші жағынан құрылысшылар мен жобалаушылар әртүрлі техникалық тілдерде сөйлейді. Бұл кәсіби дайындықтың әртүрлі деңгейін көрсетеді және мұндай сәйкессіздіктер болмауы үшін, барлығы бір техникалық тілде сөйлеуі үшін, біз бұл жобаны жүзеге асырамыз. Әрине, үш жыл ішінде бүкіл жүйені қайта құру қиын болады, дегенмен біз осы қажетті өзгерістер мен жетілдірулердің басталуына серпін бергіміз келеді", - деді Валерий Сюндюков.
"Қазақстан Су арнасы" асосциациясының Президенті, сондай-ақ шымкенттік "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәсіпорнының технологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру мәселесіндегі жетекші рөлін атап өтті. Оған дәлел "Smart Maman" базасында барлық қажетті материалдық-техникалық базасы бар оқу-ғылыми сынақ зертханасының ашылуы болды. Айта кететін жайт, Қазақстанда мұндай аналогтар жоқ. Мұнда сумен жабдықтау және су бұру саласының басшылары, инженерлері, сондай-ақ дәнекерлеушілер, слесарьлар және басқа да мамандар өз біліктіліктерін арттыра алады. Кездесу қорытындысы бойынша, "Қазақстан су арнасы" қауымдастығы мен "Smart Maman" оқу орталығы арасында ынтымақтастық туралы шарт жасалды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мамандар еуропалық стандарттар бойынша оқудан өтеді. Қазақстанның солтүстігінде тағы бір оқу орталығы ашылады. Зияткерлік еңбек өнімі ретінде Еуроодақпен бірлесіп әзірленген бағдарламалар кейіннен елдің сумен жабдықтау және су бұру саласын дамыту үшін өтеусіз негізде пайдаланылатын болады.
барлық дауыс: 5089
дауыс мұрағаты