Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 16.02.2022
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ЭКОЛОГИЯҒА ЗИЯНЫН ТИГІЗУДЕ
Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Теңіз және Қашаған кен орындарын игерудің белсенді түрде кеңеюі, сондай-ақ Атырау мұнай-химия паркін дамыту және газ өңдеу зауытын салу жақын болашақта су тапшылығының артуына алып келетінін атап өтті. Ал, Ақтөбе және Атырау облыстарының шекарасында Мұғалжар ауданында орналасқан "Көкжиде" бірегей тұщы су кен орны бұл мәселені шешуге көмектесе алар еді.
Сенатор, жер қойнауын пайдаланушылар осы кен орнының шегінде және жанында ұңғымалар бұрғылап, жер асты суларының ластануына әкелуі мүмкін басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізетініне алаңдайды. Ал таза су көзі ластанған жағдайда, шығындар жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін кірістермен салыстыруға келмейді.
Сенатор осы гидрогеологиялық объектінің жерасты суларының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін бірыңғай операторды айқындаудың орындылығы мәселесін қарауды сұрайды. Көкжиде елді мекенінде экологиялық жағдайдың нашарлауына және жер асты суларының ластануына жол беру үшін, қолданыстағы мұнай әзірлеуге арналған келісім-шарттарды зерделеу қажеттілігін айтты. Сондай-ақ, ол қажет болған жағдайда мұнай компанияларына одан әрі іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салу және келісім-шарттарды ұзартпау қажеттігін атап өтті.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты