Жаңалық - Микс
новость от 18.02.2022
ҮЛКЕН ЖӘНЕ КІШІ ТАЛДЫКӨЛДЕ 1 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЭКОПАРК САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА
Үлкен және кіші Талдыкөлде флора мен фаунасы бар экопарк құрылады, ол үшін 1 млрд теңге бөлінді. Кіші Талдыкөлдегі су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру жөнінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, бұл туралы елорда әкімдігінде хабарлады.
Кіші Талдыкөлдегі экопарк жобасы су қоймасын абаттандыруды қарастырады: су қоймасының бойында судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік беретін тас жағалау болады. Сондай-ақ, су деңгейін қамтамасыз ету және оттегімен біркелкі қанықтыру үшін, био дренаж жүйесін ұйымдастыру және су қоймасын аэрациялау қарастырылған. Сондай-ақ, жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалық жағалау салу жоспарлануда.
![](/./img/news/2883/Талды.jpg)
барлық дауыс: 5199
дауыс мұрағаты