русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 17.02.2022

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДА 13 АУЫЛДЫҢ АУЫЗ СУҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ЖОҚ

         Атырау облысында Қызылқоға ауданының 13 елді мекені сапалы ауыз суға қол жеткізе алмауда.
Кенбай ауылына 60 жыл, мұнда 30 үй және 4 құдық бар. Темір жол арқылы аптасына 60 тонна су әкелінеді, бірақ бұл көлем адамдарға жетпейді. Қызылқоға ауданындағы 10-нан астам елді мекенде де дәл осындай проблемаларды бастан кешуде.
         Миялы және Жангелдин ауылдық округтері "Қарасу" бұлағының жерасты суларын пайдаланады, алайда бұл ресурстар соңғы жылдары сарқылуда, дейді мамандар. Тапшылықтың алдын алу үшін, 72 шақырымдық "Тайсойған-Миялы" су құбырын салу туралы шешім қабылданды. Қазірде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаның құны шамамен 5 млрд теңге болады.
         Сонымен қатар, билік биыл тағы 4 елді мекен сапалы сумен қамтамасыз етіледі деп уәде беруде. Кенбай, Қосқұлақ, Айдын және Бүйрек ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз етуге қаражат бөлініп, байқау ұйымдастырылды. Мердігер анықталғанда, 2022 жылғы көктемде жұмысты бастау жоспарлануда. Жобаны жазда аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттама қалған 9 елді мекен бойынша да әзірленуде. Шенеуніктердің айтуынша, жобалау сәуір айында аяқталады.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары