Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 17.02.2022
ШЫМКЕНТТІҢ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕРІНДЕ СУ ҚҰБЫРЫ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІН ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?
Бұл сұраққа тікелей эфир барысында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Бұлан Тұрлыбеков жауап берді.
2022 жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама бойынша жалпы ұзындығы 24,6 шақырым болатын 37 су құбыры желісін қайта жаңарту, сондай-ақ жалпы ұзындығы 3,6 шақырым болатын 6 кәріз желісін қайта құру қарастырылған.
"Еңбекші ауданында 14 нысан, Төле би, Маметов, Жібек Жолы, Ерімбетов, Ақбастау көшелері және Азат мөлтекауданы бойынша су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.
Әл-Фараби ауданы бойынша Володарский, Желтоқсан, Иляев, Пазылбеков, Асқаров, Байтұрсынов көшелері бойынша 13 нысан бойынша су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.
Абай ауданы бойынша Рысқұлов, Алпысбаев, Қалдаяқов, Калинин, Аманқұлов көшелеріндегі 10 нысан бойынша су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.
Кәріз желілері бойынша жыл соңына дейін Ақпан батыр, Мамытов, Сасбукаев көшелерінің бойындағы 6 нысанды пайдалануға беру көзделген", - деп хабарлады Бұлан Тұрлыбеков.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін тиісті жабдығы, білікті персоналы және, әрине, құрылыс және реконструкциялау нарығында мол тәжірибесі бар мердігерлік ұйымдар тартылатын болады.
барлық дауыс: 5535
дауыс мұрағаты