Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.02.2022
КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БАСЫМДЫҚТА
Білікті кадрларды даярлау - "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығының басым және стратегиялық міндеті. Компания инженерлік-техникалық құрамның сумен жабдықтау және су бұру саласындағы білімдерін үнемі жетілдіріп отыруы үшін, айтарлықтай күш пен қаражат жұмсайды. Біліктілікті арттыру, барлық қажетті материалдық-техникалық базасы мен қуатты оқытушылар құрамы бар, "Smart-Maman" оқу орталығының базасында жүргізіледі.
Сонымен қатар, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС үшін білікті кадрларды даярлау үшін, стратегиялық жоспарлауды енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Шартты түрде оны екі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі - техникалық мамандарды даярлайтын Шымкент колледждерімен және лицейлермен тығыз ынтымақтастықта болады. Кәсіпорын сумен жабдықтау және су бұру саласында сұранысқа ие мамандықтардың осы оқу орындарында пайда болуы үшін өз қаражатын салуға дайын. Мұндай мамандардың көп профилділігіне баса назар аударылады.
Екінші бағыт - кәсіпорынның қолда бар кадрларын күшейту. Ол үшін "Smart-Maman" оқу орталығымен бірлесіп, инженерлік-техникалық мамандар іріктелетін болады. Оларға жеделдетілген екінші жоғары білім алу ұсынылады. Оқыту "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қаражаты есебінен жүргізіледі. Оқыту шетелдік жоғары оқу орындарының базасында өтуі де мүмкін.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты