Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.02.2022
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ "СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС-НЕ КЕЛДІ
Кәсіпорын ұжымымен халық таңдаулылары Ғани Ташқараев пен Мұхтар Ерман кездесті, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаты Наргиза Керімбаева қатысты. Кездесуде сумен жабдықтау және су бұру саласы үшін өзекті мәселелер талқыланды.
Халық таңдаулылары "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жұмысының жоғары сапасын атап өтті. Депутаттардың халықпен кездесуінде, олардан сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне қатысты шағымдар түспеді. Кәсіпорын бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев бұған қалай қол жеткізілгені туралы айтып берді: бұл қызметтер сапасының менеджментін, өндірісті жаңғырту мен цифрландыруды енгізу.
Алайда, Жанатбек Үсіпбайұлы атап өткендей, белгілі бір проблемалар бар. Бірінші кезекте, бұл су құбыры және кәріз желілерін жаңартуға инвестициялардың болмауы, бұл олардың тозуына, соның салдарынан жоғары авариялыққа және сумен жабдықтау мен су бұру қызметтері сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Тағы бір маңызды мәселе - қаланың коммуналдық инфрақұрылымын цифрландырудың нақты стратегиясының болмауы. Бұл, әсіресе, жаңа құрылыстарда суды есептеу құралындағы таратушы құрылғыларды орнатуға қатысты. Бұл құрылғылар көрсеткіштерді алу кезінде адам факторын жоюға мүмкіндік береді. Алматыда осындай 220 мың құрылғы, ал Нұр-Сұлтанда 150 мың құрылғы орнатылған.
Кәсіподақ төрайымы Гүлнұр Сүйіндікова өңірдегі сумен жабдықтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек-ақысының Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда төмен болуы мәселесін көтерді. Себебі, жалақы сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифтеріне байланысты. Яғни, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлерінің жалақысы басқа өңірлердегі әріптестеріне қарағанда және Қазақстан бойынша орташа жалақыдан төмен.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директорының орынбасары Әлиева Ләйлә Бәшірқызы депутаттардан су бұру объектілеріне мүлік салығының мөлшерлемесін қайта қарауды сұрады, ол сумен жабдықтау объектілерімен салыстырғанда өте жоғары. Ал, компания бұл үнемделген қаражатты желілерді ауыстыруға және қайта құруға жұмсай алар еді.
Кәсіпорын өкілдерінің көтерген барлық мәселелерін депутаттар өздеріне түртіп алды және оларды шешуге көмектесуге уәде берді.
барлық дауыс: 5535
дауыс мұрағаты