Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 23.02.2022
АҚТАУДА 25 МЫҢ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, сондай-ақ Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ақтау қаласын 2022-2027 жылдарға арналған көгалдандыру бойынша, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жұмыс істеуде. Жобаның басты мақсаты - Ақтау қаласын көгалдандыру бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз ету, ағаштарды, бұталарды, гүлдерді отырғызу және жасыл желектер мен ағаштарды күту ұстау.
Жобаны іске асыру аясында, жеке әріптес 5,2 млрд теңгеге жұмыстарды орындауды жоспарлап отыр. Нәтижесінде, қаланың жасыл қоры кеңейтіледі, отырғызылған ағаштар саны 25 000 бірлікті, бұталар - ұзындығы 7 000 метрді, жасыл көгалдар - 5 000 шаршы метрді, сондай-ақ 787 500 гүл мен 40 000 раушан гүлін құрайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта, қалада жапырақты ағаштардың – 67 783, қылқан жапырақты ағаштардың – 4602, жалғыз бұталардың – 6 221, бұталардың – 27 932 шаршы метрі, гүлзарлардың - 7 251, жасыл көгалдардың - 134 647 шаршы метрі, раушандардың – 10 515 данасы бар.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты