Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 24.02.2022
ҚАҚПАҚТАРДЫ ҰРЛАУДА!
Жуырда "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не қала тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ер адам бұрынғы "Фосфоршылар сарайының" аумағындағы кәріз құдықтарынан қақпақтарды ұрлап кеткенін хабарлады. Өтініш кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметінде тіркелді. Оқиға орнына аудандық кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімшесінің басшысы және "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС заңгері шықты. Ұрлық фактісін тіркеу үшін полиция шақырылып, тиісті хаттама жасалды. Ашық құдықтар жабылды, қазір олар қала тұрғындарына қауіп төндірмейді.
Біз кезекті рет шымкенттіктерге жүгінеміз, су құбыры немесе кәріз желілерінде ашық құдықтар табылған жағдайда, дереу орталық диспетчерлік қызметіне төмендегі сымтетіктер арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7252) 321-274; 8 708 110 2121 (whatsapp).
Сондай-ақ, осындай фактілер туралы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әлеуметтік желілері арқылы хабарлауға немесе whatsapp арқылы жазуға болады: +7 705 758 1111.
барлық дауыс: 5535
дауыс мұрағаты