Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 27.02.2022
АЛҒАБАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУ ҚҰБЫРЫНАН ТҰЗДЫ СУ ІШУДЕ
Алматы облысы Көксу ауданы Алғабас ауылының тұрғындары 10 жылдан бері орталықтандырылған су құбырынан тұзды су ішіп келеді. Жергілікті тұрғындар суды тұтынуға жарамсыз дейді. Соңғы уақытта, ауылда бүйрек және бауыр ауруымен ауыратын адамдардың саны өсуде.
Алғабас ауылындағы орталықтандырылған ауыз су құбырының ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Оған 218 абонент қосылған. Тұрғындар су есептегіштерді орнатып, төлемдерді уақтылы төлеп келеді, алайда олар сапасыз тұзды ауыз су ішуде. Біраз уақыт бұрын су сынамалары алынып, Алматы қаласында сараптама жүргізілді. Нәтижесі – су, ішуге жарамсыз.
Алғабас ауылының орталықтандырылған су құбыры 2012 жылы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қарамағына өткен. Осыдан кейін, краннан тұзды су ағатын болды. Себебі, бұл ауылға бір ұңғыма жетпейді, сондықтан ол тау суымен араластырылып берілген. Өткен жылдың күзінде аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның зертханалары су сынамаларын алып, суды ішуге жарамды деп қорытынды жасаған. Нәтижелері СЭС зертханасында.
Сондай-ақ, құны 13 млн 447 мың теңге болатын тағы бір су мұнарасын орнатудың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық басқармаға тапсырылды. Егер қаржыландыру мақұлданса, онда ауыл тұрғындары таза ауыз су іше алады.

барлық дауыс: 5369
дауыс мұрағаты