Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 28.02.2022
МАҢҒЫСТАУДА ТАҒЫ ДА КАСПИЙГЕ БЕЛГІСІЗ ЗАТТАРДЫҢ ТӨГІЛУІ ТІРКЕЛДІ
Маңғыстау тұрғындары теңізге шығатын пластикалық құбырлардың суға батып бара жатқанын байқады. Бұл өткен демалыс күндері, Ақтаудан шамамен 13 шақырым жерде орналасқан «WestHome» демалыс базасы мен "Сая" демалыс үйінің арасында орналасқан жер телімінде болған. Сонымен қатар, жағалауда көбік пайда бола бастаған. Олардың ағызуға рұқсаты бар ма және ненің төгіліп жатқаны белгісіз. Бұл аумақта соңғы бір жарым жыл ішінде белсенді құрылыс жүргізіліп, жер телімі қолдан қолға өтуде.
Табиғатты қорғау прокуратурасында экология департаментінің мамандарына осы фактімен айналысу тапсырылды деп хабарлады. Олар бұл жерді тексергенімен, әлі ақпарат берген жоқ.
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты