Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.02.2022
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ СУ АРНАСЫ
Әл-Фараби аудандық су арнасының теңгерімінде 300 шақырымнан астам су құбыры желілері бар. Бөлімшенің міндеті - аудан тұрғындарына ауыз суды үздіксіз беруді қамтамасыз ету. Аудандық су арнасының қызмет көрсету аймағында 33 500 абонент тұрады. Аудандық су арнасы қызметкерлерінің үлкен тәжірибесі және еңбек өтілі бар.
"Біздің ұжымда сумен жабдықтау саласында 30 жылдан астам жұмыс істеген екі қызметкер бар. Қазір олар зейнетке шығуға дайындалып жатыр. 20 жылдық тәжірибесі бар жұмысшылар да бар, олар инженерлер, шеберлер және диспетчерлер. Қазір олардың орнына жастар келуде", - деді Әл-Фараби аудандық су арнасының бастығы Серғазы Көшенов.
Бұл бөлімшенің авариялық қызметі тәулік бойы кезекшілікте болады. Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда, сигнал "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне түседі. Туындаған мәселелерді қажетті техника мен құрал-саймандар жедел шешуге мүмкіндік береді.
"Бізде үш мамандандырылған "Газельдер", дәнекерлеу құралдары, мотопомпалар және басқа да жабдықтар бар. Өткен жылы жаңа экскаватор алынды. Сонымен қатар, газ талдағыштар бар, олар жұмысшылардың улануын болдырмау үшін, құдықтарда жұмыс басталар алдында қолданылады", - деді аудандық су арнасының бастығы.
Әл-Фараби аудандық су арнасы қызмет көрсететін су құбыры желілерінде авариялық жағдайлар туындаған жағдайда, тұтынушылар осы бөлімшенің диспетчерлік қызметіне мына сымтетік бойынша қоңырау шала алады: 8 (7252) 53-09-56.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты