Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 01.03.2022
АТЫРАУДЫҢ ОНДАҒАН ФЕРМЕРЛЕРІ МАЛДЫ АҒЫНДЫ СУЛАРМЕН СУАРУҒА МӘЖБҮР БОЛУДА
Атырау облысы Қайыршақты ауылдық округінің ондаған фермерлері ЖЭО-ның балшық пен құрт араласқан ағынды суларымен мал суаруға мәжбүр. Соңғы жылдары аймақтың фермерлері құрғақшылықтың салдарынан айтарлықтай қиындықтарға тап болды. Су көздерінің тапшылығы ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізуде.
Өңірдің ең ауыр қиыншылықтарының бірі – егіс пен малға арналған су тапшылығы. Арнасы біртіндеп тарылып келе жатқан Жайық өзенінің мүмкіндіктері, өндірістік объектілер мен халықты ғана сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал мал шаруашылығы мен егіншілік үшін ресурстар жеткіліксіз.
Атырау облысында ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің ауданы 10 миллион гектарды құрайды, бірақ өнім тек 9 мың гектарда өсіріледі. Су тапшылығына байланысты үлкен аумақтар пайдаланылмауда. Мұнай өндіретін аймақта 16 канал бар. Бұл суару үшін жеткіліксіз. Арнасы біртіндеп тарылып келе жатқан Жайық өзенінен жылына 25 миллион текше метр су алынады. Бұл көлемнің 70%-ы өндірістік және ауыз су қажеттіліктеріне жұмсалады, ал шағын өзендер құрғап кетуде. Қазірде, мәселені шешу үшін екі нұсқа қарастырылуда: ол трансшекаралық Жайық өзенін суландыру немесе жер асты көздерін іздеу.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты