Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.03.2022
ШРК ҚАУІПТІЛІГІ
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орман алматылық "СтройДизайнПроект" компаниясының басшылығымен кездесті. Бұл ЖШС жобаларды әзірлеумен, іздестірумен, инжинирингтік жұмыстармен, сонымен қатар, ғылыми қызметпен де айналысады.
Кәсіпорын басшылығын қаланың кәріз жүйесіне сарқынды суларды қабылдау ережелерін әзірлеу қызықтырады. Коллекторларға улы тастандылардың әсерінен 2021 жылы Шымкенттің тазарту құрылыстары екі рет тоқтаған болатын. Нәтижесінде, компания айтарлықтай материалдық шығындарға ұшырады.
Өкінішке орай, кәсіпкерлердің көпшілігі экологияға алаңдамайды, қалалық кәріз желісіне мұнай өнімдері, бояу және басқа да көптеген зиянды заттар жиі тасталады. Соның салдарынан зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) кейде асып кетеді. Өкінішке орай, бизнесмендер, әсіресе, көлік жуу орындарына қатысты, өз объектілерінде жергілікті тазарту құрылыстарын орнатпайды, ал бұл Шымкенттің тазарту құрылыстары кешені үшін үлкен қиыншылықтарды туғызады.
Сондықтан, ағынды суларды қабылдаудың нақты ережелерін әзірлеп, оларды мемлекеттік органдарда бекіту қажет. "СтройДизайнПроект" ЖШС өкілдері Шымкент кәсіпорны басшылығының тілектерін мұқият тыңдады. Қазірде, жоба бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты