Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.03.2022
СҰРАҚ – ЖАУАП
- Біз Қарабастау ауылында тұрамыз. Ауыз суды пайдаланғанымыз үшін бұрын Сайрам ауданының су арнасына төлейтінбіз. Қазір, біздің ауыл Шымкент қаласына тиесілі. Су өлшеуіш құралын тексеру және ауыстыру, тиісті құжаттарды дайындау кімнің есебінен жүргізілуі тиіс?
Осы ауылдан 140-қа жуық тұтынушы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің қызмет көрсету аймағына көшті. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін, оларға дереу дербес шоттар берілді, жақын арада олармен ауыз су беру қызметтеріне келісім-шарттар жасалатын болады. Бұл жұмысты "Танташев" ЖК дилерлік учаскесінің инспектор-бақылаушылары жүргізеді.
Су өлшеуіш құралын тексеру немесе ауыстыру қажет болған жағдайда, тұтынушыларға тиісті хабарламалар жіберілетін болады. Су өлшеуіш құралын тексеру немесе ауыстыру тұтынушының есебінен жүргізіледі, өйткені ол үй иесінің меншігі болып табылады. Су өлшеуіш құралын тексерумен және ауыстырумен, қызметтің осы түріне лицензиясы бар мамандандырылған кәсіпорындар айналысады.
Басқа сұрақтар бойынша, дилерлік учаскенің +77014425075 телефоны бойынша хабарласуға болады. Сондай-ақ, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілері арқылы жүгінуге немесе +77057581111 «whatsapp» нөмірі арқылы жазуға болады.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты