Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.03.2022
"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС-ДА НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Сумен жабдықтау және су бұру саласында шамамен 36 % әйел азаматтары. Сонымен қатар, бұл ханымдар өте маңызды бағыттар үшін жауап береді. Олардың кейбіреулері ірі, стратегиялық бөлімдерді басқарады.
Нәзік жан өкілдері кеңседе де, өндірістік алаңда да еңбек етеді, олар: есепшілер, экономистер, хатшылар, заңгерлер, технологтар, инженерлер, диспетчерлер, зертханашылар. Жалпы, кәсіпорында әйел жандарсыз мүмкін емес.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы өзінің тамаша әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады. Кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орман оларға сыйлықтар табыс етті.
Қаланың барлық әйелдерін келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Сүйкімді ханымдарға үлкен махаббат, отбасылық амандық және жеке бақыт тілейміз!
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты