Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.03.2022
АБАЙ АУДАНДЫҚ СУ АРНАСЫ
Абай аудандық су арнасы Шымкенттің батыс бөлігіне қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету аймағында жеке үй құрылыстары, биік секторлар, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындар да бар. Бөлімшенің балансындағы 189 шақырым су құбыры желісі арқылы 35 мың абонент су алады. Судың үздіксіз берілуін 4 бригада бақылайды. Екеуі төтенше жағдайларға жауап береді, қалғандары профилактика жұмыстарымен айналысады.
"Судың ағып кетуінде біздің басты міндетіміз - жедел әрекет ету, оқшаулау, кейін ағып кетуді тоқтату. Жөндеу жұмыстарын жүргізуде, тиісті коммуналдық қызметтермен және мемлекеттік органдармен келісу. Басым міндеттердің бірі - халықты сусыз қалдырмау. Сондықтан, тұтынушылар сусыз қалмауы үшін, әрдайым басқа желілерге қосу мәселесі қарастырылады", - деп хабарлады Абай аудандық су арнасының басшысы Дашти Даштиев.
Абай аудандық су арнасында 36 адам жұмыс істейді, қызметкерлердің орташа еңбек өтілі – 15 жыл. Сонымен қатар, Абай аудандық су арнасы аумағында арнайы оқу полигоны бар. Онда "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС пайдалану қызметтерінің жұмыскерлері авариялық жағдайларды жоюға дайындық жүргізеді.
"Бұл полигонда түрлі авариялық жағдайлар пысықталуда. Яғни, газдану жағдайында жөндеу жұмыстарын жүргізу, яғни, бұл ысырманы ауыстыру, құдыққа көтерілу, түсу және тағы басқалар", - деді полигонның жұмысы туралы Абай аудандық су арнасының басшысы.
Жалпы, басты міндет - аудан тұрғындарының үйлеріне тәулік бойы су беруді қамтамасыз ету болып табылады. Бірақ, проблемалар да бар, ол - 6 километрге созылған ескі су құбыр желілері. 2022 жылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС инвестициялық бағдарламасы бойынша, қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты