Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.03.2022
ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ СУ АРНАСЫ
Ең жас аудандық су арналарының бірі – Қаратау. Ол 2016 жылы қаланың жаңа бөлігіндегі су құбыры желілеріне қызмет көрсету үшін құрылған. Қазіргі уақытта, бөлімше Шымкент қаласының шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерін сумен қамтамасыз етуге жауапты. Аудандық су арнасы штатында 28 қызметкер бар, олар негізінен слесарь, дәнекерлеуші немесе жүргізуші мамандығын таңдаған жастар. Бөлімше, таяуда басқа кәсіпорын – "Сайрам тазалық" ЖШС қарасты болған жеке сектордағы бірнеше елді мекендердегі су құбыры желілеріне қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетілетін аумақта бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан. Бұл аудандық су арнасының нақты стратегиялық міндеті бар.
"Біз қалаға Ақбай-Қарасу су қабылдағышынан келетін үш магистральды су таратқышқа қызмет көрсетеміз. Бұл өте үлкен диаметрлі құбырлар, көптеген клапандар мен ысырмалар, үлкен камералар мен құдықтар бар. Сондықтан, біз күнделікті жоспарлы - алдын алу жұмыстарын және тексерулерді жүргіземіз. Үш бригада жұмыс істейді", - деді Қаратау аудандық су арнасының басшысы Арман Табылдиев.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты