Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.03.2022
"АМАNAТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ "ОҢТҮСТІК СУ" ФИЛИАЛЫНДА ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Отырыс партияның өткен съезіне және "Жаңа Қазақстан" жаңа тұжырымдамасына арналды. Кездесуге партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен белсенділері қатысты.
Күн тәртібінде "АМАNAТ" партиясының кезектен тыс XXII съезінің шешімдерін орындау үшін, партия филиалының міндеттері туралы мәселелер қаралды. Партия Қазақстан үшін күрделі кезеңде реформа жүргізіп, саяси жұмысты күшейтуі қажет.
Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақтыбай Әліпов 01.03.2022 жылғы партия съезі қабылдаған шешімдер туралы баяндама жасап, партактивке "АМАNAТ" партиясын жаңғыртудың 7 басымдығын іске асыру аясындағы міндеттер туралы айтып берді.
Партия мүшелері - "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жұмысшылары белгіленген жоспарларды жүзеге асыруға әркімнің өз үлесін қосатыны туралы келісті.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты