русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 13.03.2022

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРЛЕР - ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕМІЗ

           Тұтынушылармен тығыз байланыс орнату үшін, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де ай сайын «Facebook» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде виртуалды қоғамдық қабылдаулар өткізіледі. Қабылдауда, кәсіпорын өкілдері тұтынушылардың сұрақтарына жауап береді және кәсіпорын қызметі туралы айтады.
           Наурыз айының 10 жұлдызында тікелей эфирде "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС зертханасының басшысы Жауылбаева Гүлжан Нұрланқызы сөз сөйледі. Ол су жинау құрылыстарындағы ауыз судың сапасын тексеру, магистральдық құбырлармен тасымалдау кезінде суды залалсыздандыруы және қалалық желілердегі судың сапасын бақылау үшін қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқаны туралы айтты.
           Сондай-ақ, зертхана басшысы Шымкент кәсіпорындарындағы жергілікті тазарту құрылыстары, қалалық кәріз желісіне улы заттарды тастау мәселелерін көтерді. Гүлжан Нұрланқызы су бұру жүйесіне улы заттардың тасталуы, тазарту құрылыстары кешенінің тоқтауына және елеулі материалдық шығындарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
           Егер, сіздерде Шымкент ауыз суының сапасына қатысты сұрақтарыңыз немесе шағымдарыңыз болса, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар: 8 (7252) 321 274; +77081102121.
           Сондай-ақ, сіздер кәсіпорынның «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына немесе келесі «Whatsapp» нөміріне жаза аласыздар: +77057581111.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары