Жаңалық - Микс
новость от 14.03.2022
ҒАЛЫМДАР БІР САҒАТ ІШІНДЕ ӨЗЕН СУЫНАН АУЫЗ СУ ЖАСАЙ АЛАТЫН ТАБЛЕТКА ОЙЛАП ТАПТЫ
Остиндегі Техас университетінің американдық ғалымдары 1 сағат ішінде бір литр өзен суын тазартып, оны ішуге жарамды ететін таблетка жасап шығарғаны туралы мәлімдеді. Сутегі тотығы активтендірілген көмір бөлшектерімен әрекеттесіп, бактериялардың негізгі жасушалық компоненттерінің метаболизмін бұзады. Қазірде, ғалымдар таблетка судағы әртүрлі қоздырғыштарды жоя алатындай, формуланы жақсарту мақсатында жұмыс істеуде. Суды тазартудың мұндай процесі нөлдік энергияны қажет етеді және зиянды жанама өнімдер жасамайды.
2018 жылы шамамен 3,6 миллиард адам суға тиісінше қол жеткізе алмады. Жаһандық жылыну кезінде, халық саны өсіп, 2050 жылға қарай олардың саны 5 миллиардқа дейін артуы мүмкін.
Соңғы 20 жыл ішінде жердегі су қоры жылына 1 см-ге азаюда. Жағдай, жер бетіндегі судың тек 0,5%-ы пайдалануға жарамды болуымен күрделене түсуде.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты