Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 14.03.2022
ҚАЗАҚСТАН ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІН САУЫҚТЫРУҒА 127 МЛН ДОЛЛАР БӨЛДІ
Соңғы 5-6 жылда Жайық өзеніне су аз түсуде. Негізінен өзен еріген сулардан толған, судың 70% көктемгі су тасқыны кезінде жиналады. Судың 80%-дан астамы өзен арнасында орналасқан үлкен және кіші су қоймаларында жиналады. Қазақстан су қоймаларының режимін реттеуі қажет және осы мақсаттар үшін, Ресей тарапынан жол картасы дайындалды. Екінші жыл қатарынан Орал және Ертіс өзендерін сауықтыру бағдарламалары аясында жұмыстар жүргізілуде. Алдағы 5 жылда Батыс Қазақстан облысында 30 млрд теңгеден астам сомаға бірқатар іс-шаралар іске асырылатын болады. Олардың 7,4 миллиард соммасына жұмыс басталып кетті. Атырау облысының аумағында да дәл осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр, бұл мақсатқа 27 миллиард теңге бөлінген. Яғни, арналарды жөндеу, түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу және өзен түбін батып кеткен кемелер мен жүктерден тазарту жоспарлануда.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты