русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 16.03.2022

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де психологиялық тренингтер басталды

          Міндет - бөлімшелер мен бөлімдердің басшыларын, кәсіпорын қызметкерлерін күйзеліспен күресуге, позитивті ойлауға және күйзеліске түспеуге үйрету. Мұның бәрі жұмыс функциясына оң әсер етуі керек, яғни кәсіпорын ұсынатын қызметтердің сапасын арттырады.

          Тренингтерді  М.Әуезов атындағы ОҚМУ аға оқытушысы, психолог, тәжірибелі маман - Сандуғаш Дуанаева өткізуде. Егер тренингтің басында қатысушылар не болып жатқанына біршама күмәнмен қараса,  сабақтың соңына қарай олардың ойы түбегейлі өзгерді.

          Тренингтің өзі бірнеше сабақтан тұрады, олардың мақсаты - сіздің психологиялық жағдайыңызды білу және дағдарыс жағдайынан шығу жолдарын белгілеу. Яғни, алға қойған мақсаттарды анықтау,  өмірдің жаңа мағыналарын табу және позитивті көңіл-күйге бөлену. Ол үшін қатысушыларға бірқатар сынақтардан өту қажет болды, соның арқасында өзінің психологиялық жағдайын, өмірге және мансапқа деген көзқарасын оңай анықтауға болады. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, болашақ өмірлік және кәсіби стратегияларын белгілейді.

          Айта кетейік, кәсіпорын басшылығы қызметкерлердің психологиялық дайындығына ерекше көңіл бөледі.  "Smart Maman" оқу орталығының базасында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің басшылары мен қызметкерлері жұмысын, көрсетілетін қызметтердің сапасын,  оның ішінде тұтынушылармен қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған психологиялық оқытудан үнемі өтіп отырады.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары