Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 17.03.2022
СЕНАТОР КЕҢГІР СУ ҚОЙМАСЫН МЕМЛЕКЕТ БАЛАНСЫНА ҚАЙТАРУ ҚАЖЕТТІГІН АТАП ӨТТІ
Сенатор Рысқали Әбдікеров ҚР Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларын атап өтті. Депутат Жезқазғандықтардың ауыз суының негізгі көзі – Кеңгір су қоймасы екенін атап өтті. Ол жеке кәсіпкердің қолында. Су қоймасын 1996 жылы Үкіметтің қаулысы бойынша мемлекеттік басқаруға қайтару керек еді. Бірақ, бұл міндет орындалмады.
Қазіргі уақытта, Кеңгір су қоймасы гидротехникалық құрылыстармен бірге "Қазақмыс Дистрибьюшн" ЖШС-не тиесілі. Ол Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарын көкөністермен және ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге көмектесуі тиіс еді.
2011 жылы Үкімет қаулыларында Жезді су қоймасын суару жүйесінің магистральдық каналымен қайта жаңарту көзделген болатын. Өкінішке орай, өңір үшін өзекті жоба тек қағаз жүзінде қалды.
"Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуді, үкімет әкімдікпен және корпорациямен бірлесіп, қысқа мерзімде және бір жарым жылдан аспайтын мерзім ішінде шешуге тиіс", - деп қорытындылады Рысқали Әбдікеров.
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты